Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Бұл ешқандай қорқыту емес»: Тоқаев Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп кеткенін айттты

Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтары мен экономикаға тиімді бизнес керектігін алға тартты. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады. 

«Бұл ешқандай қорқыту емес»: Тоқаев Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп кеткенін айттты
Фото: tengrinews.kz

"Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте жіті бақылайды. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалап отырамыз. Өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады. Салық төлемақысы ерекше бақылауда. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз.

Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері. Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті.

Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек", - деді Тоқаев.