СІМ ҰҚШҰ-ның ресей-украин қақтығысына қатысуына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанады

СІМ ҰҚШҰ-ның ресей-украин қақтығысына қатысуына байланысты мәлімдеме жасады
m.123ru.net

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ресей-Украина қақтығыс аймағына қатысу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егеменді теңдігі және халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанады. Тұтастай алғанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жауапкершілік аймағы Ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген және ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шегінде қамтамасыз етіледі. Осылайша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымның Ресей-Украина қақтығысы аймағына қатысу мәселесі күн тәртібінде жоқ», - деп мәлімдеді Айбек Смадияров.