Атажұртқа қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артты

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келді. Бұл туралы Отандастар қоры мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Almaty tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Атажұртқа қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артты
Фото: ашық дереккөз

Олардың 70 пайыздайы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден. Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған Отандастар қорының мәліметінше соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан.

«Отандастар» қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста. Мамандардың айтуынша атамекеніне оралғысы келетіндер көп. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.