Бала кезде көрші еркектен зорлық көріп, психикалық қиыншылықтарға душар болған еркек, журналист Гүлмира Әбікайдан көмек сұраған. Бір қызығы, бұл еркектің хиджаб киетіні белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
“Жүре берсең көре бересің. Ерболды кім таниды? Маған түнгі 2.00-де жазыпты. Айтуынша, бала кезде көрші еркек зорлаған. Соңғы кезде өзі де әйелден безіп, жынысын ауыстыруға көмек сұрапты”,- деп жазады журналист.
Оның айтуынша, бұл жігіт хиджабты 3-4 ай бұрын киген. Оған қоса, психолог көмегіне жүгінген, видео жіберген.
“Құдай аясын деп қоя салайын десең Sholpan Tohtarkhan психологқа кеше видео жіберіпті”
Ол аздай, алдында жыламсыраған 6-7 жасар ұл бала бар, соны аймалап отыр екен.
Гүлмира жағдайды баяндап, кішкентай ұл-қызымызға тағы қауіп төнгені жеткізді.
“Тағы бір психикалық ауытқуы бар науқас қоғамда еркін жүр, яғни, кішкентай ұл-қызымызға тағы қауіп төнді деген сөз. Бәлкім, өзіне көмек қажет бейбақ шығар? Ербол Алматы маңындағы ауылдан екенін айтқан, ата-анасы бар ма екен? Көрші, туыс, танитындар болса хабарласыңыздар”.
Бұл жазбаны көріп, зәресі ұшқан желі қолданушылары: “Құдай сақтасын”, “Мынаны тездетіп тауып, жындыханаға қамату керек қой!”, “сұмдық”, “Не болып бара жатыр?“, “Өмір қорқынышты болып кетті ғой”, О, Алла тағала сақтай гөр! Көрмегенді көрдік...” деп түрлі пікір білдіріп жатыр.