Назарбаев "Nur Otan"-ды бүкіл Қазақстан қоғамының кескіні деп есептейді

Сондай-ақ, ол халықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтастырып және "мемлекетімізді одан әрі өркендету үшін еңбек ете беретінін" айтты.

Назарбаев "Nur Otan"-ды бүкіл Қазақстан қоғамының кескіні деп есептейді
фото: ашық дереккөз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде "Nur Otan" партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті, деп хабарлады paryz.kz.

Осы орайда, ол "Nur Otan" партиясының пандемия кезіндегі жұмысына, сондай-ақ партияны қайта жаңғырту үдерісіне тоқталды.

"Біздің партия – басқару ісінде тәжірибесі мол және барлық өңірде кадрлық әлеуеті зор ең ірі саяси күш. Құрамының сапасы бойынша "Nur Otan" бүкіл Қазақстан қоғамының кескінін көрсетеді. Сондықтан біз алдағы уақытта да мемлекетіміздің және барша жұртымыздың әл-ауқатын арттыру үшін еңбек етуге ниеттіміз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы оқи отырыңыз: Назарбаева билікке Мәжіліс депутаты болып оралмақ

Сөз соңында партия төрағасы елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап, халықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтастырып және "мемлекетімізді одан әрі өркендету үшін еңбек ете беретінін" айтты.