Головкинді жеңгеннен кейін "Канело" әлемдегі ең мықты боксшы атанды

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Головкинді жеңгеннен кейін "Канело" әлемдегі ең мықты боксшы атанды
Фото: ашық дереккөзі

Альварес пен Головкин арасындағы үшінші айқас кеше Лас-Вегаста өтті. 12 раунд қорытындысы бойынша мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңді. Головкин үшін бұл айқас суперорта дивизионда алғашқы болды. 

Головкин "Канелодан" неге жеңілгенін айтты

Осы жеңіс арқасында "Канело" салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған BoxRec рейтингінде бірінші орынға шықты. Ал Головкин бесінші сатыда.