Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады. Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің БОРТ N1 ресми Telegram арнасы.

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Фото: inform. kz

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының сапар бағдарламасы тығыз. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады.

"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.