Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды, – деп хабарлайды БОРТ №1 Telegram арнасы.
"Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады", – делінген хабарламада.
Бүгін кешке Рим Папасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.
Сонымен қатар, Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесуге қатысады деп күтіліп отыр.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінен кейін Рим Папасы Франциск мен мыңдаған католик дінін ұстанушылар арнайы дұға (месса) өткізеді.