Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Қоғам белсендісі билікке "коммерсанттарды" жолатпау керектігін ескертті

"Нұрағамның "өзім тәрбиеледім, аңнан адам жасадым", - деген менеджерлерінің көбі жемқорлық бабтарымен сотталып кетіп жатыр. Нұрағамның жалғыз-ақ ұтқаны – есепсіз байығаны ғана", - дейді ол.

Қоғам белсендісі билікке "коммерсанттарды" жолатпау керектігін ескертті
фото: ашық дереккөз

Facebook әлеуметтік желісіне Төртуыл Шоқан деген атпен тіркелген қоғам белсендісі алыпсатарлықпен айналысатындардың билікке бармауы керек деп есептейді. Себебі, олардың қолынан тек мемлекеттік бюджеттен "ақша жасау" ғана келетіні меңзелді, деп жазды paryz.kz.

"Билікке қанында "алыпсатарлығы" бар адамдар жіберілмеуі керек! Жіберілген күннің өзінде, олар "екінші басшы" деңгейінде қалып, толық қадағалауда болуы тиіс! Ел басқару ісінде кіл идеолог-ғалымдар, болмысы мәдениетті, әдебиетке құмар жандар, ғылым қуған жастар, оларға жөн көрсете білетін білікті аға буын болуы керек! Тек алыпсатар-коммерсанттар емес!" деп жазды ол өз парақшасына.

Айтуынша, кәсіп төңірегінде жүргендердің тек қазына толтыру ісімен айналысқаны дұрыс.

"Нұрағамның "өзім тәрбиеледім, аңнан адам жасадым", - деген менеджерлерінің көбі жемқорлық бабтарымен сотталып кетіп жатыр. Нұрағамның жалғыз-ақ ұтқаны – есепсіз байығаны ғана. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері еңсесі көтерілмеген халықтың бүгінгі жәй-күйі осы айтқаныма дәлел.

Билікте жүрген "коммерсанттардың" зияны сол, өзі халықтың әл-әуқатын жақсартуы керек қызметін жеке басы, туысы, достары, таныстары, көңілдес-коллегаларына жағдай жасауға пайдаланумен шектелуде! Халық қызынасын сатуды, одан түскен пайданы "көкесімен" бөлісуді ең басты қағидасы етіп алған ол "иттің баласының" халықпен ісі жоқ", - дейді жазба авторы.