Ошақбаев Мұхтар Жәкішевті премьер-министрлікке ұсынатынын айтты

Оның айтуынша, елде еркін саяси бәсекелестік пайда болуы керек

Ошақбаев Мұхтар Жәкішевті премьер-министрлікке ұсынатынын айтты
Фото: коллаж

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев «Baitassov Live» YouTube-арнасына берген сұхбатында егер өзі парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішевті премьер-министр лауазымына ұсынатынын айтты, – деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның айтуынша, елде еркін саяси бәсекелестік пайда болуы керек. Ал оның барлығына саяси партияларды тіркеу арқылы қол жеткізуге болады.