Асылбек Шаров өзі туып-өскен Маңғыстау облысына оралды.
Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz.
Ол – бұрын осы лауазымды атқарған, қазір Атырау облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев. Ал одан бұрын осы лауазымды атқарған Асылбек Шаров өзі туып-өскен Маңғыстау облысына оралды.
Еске сала кетсек, COVID-19 пандемиясы басталғалы бері облыста 7 бас санитар дәрігер ауысып отыр.