Биыл күзде Президент сайлауы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Биыл күзде Президент сайлауы өтеді
Фото: ашық дереккөзі

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.  Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет екендігін айтты.  Осылайша Президент мандатының  ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектелмек. Сондай-ақ, қайта сайлануға тыйым салынады.