Нұрлан Қоянбаев елден сүйінші сұрады

Қазақстандықтардың ыстық ықыласына бөленген "Түнгі студия" бағдарламасы жақын арада көрермендерге қайта жол тартады. Бұл туралы бағдарлама жүргізушісі, белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев хабарлады, деп жазады paryz.kz

Нұрлан Қоянбаев елден сүйінші сұрады
фото: әлеуметтік желіден

Нұрлан Қоянбаев қуанышты жаңалығын Instagram желісінде жария етті. Ол алдағы уақытта көпшілік көзайымына айналған бағдарламаның экранға оралатынын хабарлап, көрермендерден қолдау сұрады.

"Достар, "Түнгі студия" жобасы араға жылдар салып қайта оралмақ! Көрерменнің көзайымына айналған әлем әртістері мен ел мақтаныштарын төріне шығарған халықтық бағдарламаны қайта іске қосу үшін үлкен жауапкершілік пен батылдық қажет болды. Сіздердің белсенді қолдауларыңыз аса маңызды. Алғашқы эфирге кімді шақырамыз? Құрметті қонақ ретінде кімдерді көргіңіз келеді? Расын айтсам, сіздермен бірлесе талқылауды жөн көрдім", - деп жазды ол.