Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Украина шенеуніктері Маминмен кездесуге жалған анықтамамен келген": ҚР Үкіметі түсініктеме берді

"Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.

"Украина шенеуніктері Маминмен кездесуге жалған анықтамамен келген": ҚР Үкіметі түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ деп хабарлады paryz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сапары аясында Қазақстанның индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина инфрақұрылым министрлігі аясында меморандумға қол қойылды.

Украиналық тараппен Қазақстан Үкіметі басшысының орынбасары Роман Скляр кездесті.

"Қазақстандық тарап Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий кездесуін ұйымдастыруға дайын болды. Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: "Украина шенеуніктері Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келген"

Пандемия кезінде кездесуге қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық талап енгізілді. ПТР-анықтаманы ұсыну солардың қатарында.

Бұған дейін Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын.