Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Не болды соншама қыр соңыма түсіп?": Бекболат Тілеухан жұртқа ренішін білдірді

Шетелде еш жұмысы жоқ қаншама атақты-атақсыз жазушы, ақын, кәсіпкер жүр, дейді ол

"Не болды соншама қыр соңыма түсіп?": Бекболат Тілеухан жұртқа ренішін білдірді
Фото: ашық дереккөзі

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Facebook парақшасында өзіне қарсы пікір білдірген азаматтарға жауап берді, деп жазады paryz.kz.

Бүкіл елші, халықаралық ұйымдар мен мекемелерде істеп жүрген барша қызметкерлер арам, қашқын болғаны ма? Біртүрлі логика екен. Ағайын! Маған жұмыс істеткізесіздер ме, әлде жоқ па? Не болды соншама қыр соңыма түсіп? Шетелде еш жұмысы жоқ қаншама атақты-атақсыз жазушы, ақын, кәсіпкер жүр. Маған емешелеріңіз үзіле қалғандарыңыз қалай?, - деп жазды Бекболат Тілеухан. 

Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Түркия азаматтығын алды деген қауесеттің жалған екенін айтып, өзіне қатысты ақпарат таратқандарды сотқа беретінін жеткізді.