Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

10 тамызда  ЕуроАзиялық ынтымақтастық Қаржы-бизнес қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысында Бақытжан Сағынтаев қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: 24.kz

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.

ЕуроАзиялық ынтымақтастық Қаржы-бизнес қауымдастығы – қоғамдық үкіметтік емес ұйым. Еуразияның 26 еліндегі кәсіпкерлердің қаржы-банк және іскерлік одақтарын, комммерциялық ұйымдар мен банктерді, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің басын біріктіреді.

Еске сала кетейік, 58 жастағы Бақытжан Сағынтаев 2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұл қызметтен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған болатын.

2022 жылғы 1 маусымда Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды.