Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бердібек Сапарбаев Жаңа Қазақстанда неге жаңа кадрлар жоқ екенін түсіндірді

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев «Желмая» жобасында Жаңа Қазақстандағы кадрлар мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Бердібек Сапарбаев Жаңа Қазақстанда неге жаңа кадрлар жоқ екенін түсіндірді
фото: capital.kz

Сұхбат барысында Бердібек Сапарбаевқа Жаңа Қазақстанда неге жаңа кадрлар жоқ деген сауал қойылды. 

Жаңа кадр мүлдем жоқ деп айтуға болмайды, кадрды іздеу керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақтан жастарды жинап, Кадрлер резерві құрып отырғандағы мақсаты да сол. Кадр саятатында үш принцип бар. Бірінші – оларды іріктеу керек, екінші – жұмысқа орналастыру, үшіншіден тәжірибе жағынан тәрбиелеу қажет,-деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар ол президент жанындағы Басқару академиясында арнайы тәжірибе сабағы болу керек деген ойын айтты.  Бұрынғы әкім, министрлер мен мен олардың орынбасары болған адамдар академияда сабақ беріп, тәірибелерімен бөлісуі керек. 

Барлық жұмыстың тәсілі кітапта жазылмайды. Олар теориямен шешілмейді. Өмір болған соң кез келген жағдай болады. Лауазымда болған адамдар соның бәрін жастарға түсіндіруі керек. Менің ойымша қазіргі өсіп келе жатқан ұрпаққа тәжірибе жетіспейді. Олардың теориялық білімі жақсы, енді тәжірибе жағынан қолдау керек. Президенттің өзі бұрынғының бәрін жаман деп айтуға болмайтынын, оның жақсы жағын алып қазіргі заман талабына сай өзгеріс енгізу керектігін айтты. Бұрынғы кадрлардың барлығын жіберіп, жастар ғана қалсын деген дұрыс емес. Сабақтастық деген болу керек,-деді Сапарбаев.