Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді - БАҚ

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш жолдады, деп хабарлайды paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді - БАҚ
Фото: ашық дереккөзі

Әзірге бұл ақпараттың рас-шыны белгісіз.

Түркиядағы дереккөздердің хабарлауынша, Бекболат Тілеухан Ыстанбұлдан 6 бөлмелі пәтер сатып алған.

Ол 39 жастағы әйелі Жанар Тапеновамен және алты баласымен бірге тұрып жатыр.

Жанар Тапенова Түркияға кетер алдында жақын туысының біріне өзіне тиесілі астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйдегі екі пәтер мен Шұбар ауданындағы жер үйді сатуды тапсырып кеткен.

Бұған дейін Ыстанбұлда Бекболат Тілеухан сондағы қандастарды жинап, ауызашар бергені әлеуметтік желіліерде тараған болатын. Бұдан бөлек ол Түркия президентінің ұлы Біләл Ердоғанмен кездескен. Экс-депутат әзірге Қазақстанға қайтпайтын секілді. Себебі ерлі-зайыпты Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Әзірге олар сонда ықтиярхатпен тұрып жатыр.