Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Медведев атышулы «жазбасына» қатысты жауап берді

Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев атушулы «мәлімдемесіне» қатысты жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Халық үніне сілтеме жасап. 

Медведев атышулы «жазбасына» қатысты жауап берді
фото: point.md

Ол «Новости» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «ВКонтакте» желісіндегі парақшасын біреулердің бұзып, арандату материалын жариялағанын айтты.

Мұндай жағдай бір емес, бірнеше рет болған. Одан ешкім сақтандырылмаған. Үкімет басшысы болған кезімде дәл осындай жағдай болып тұратын. Меніңше, бұл ақпараттық соғыстың бір көрінісі, – деді ол.

Оның айтуынша, қазір тиісті органдар мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

Осыған байланысты Медведев тағы да «шетелдің тыңшылары» мен Ресейдің ішкі «жауларын» айыптады.

Бізде жау деген көп. Олардың әдіс-тәсілдері бәріне белгілі. Олар әлеуметтік желіде белгілі бір лауазымды адамның парақшасын бұзып, соның атынан материал жазады да кейін оны өшіріп тастайды. Содан кейін күмән тудырады, – деді экс-президент.

Осы ретте, ол парақшасында одақтастар туралы ешқашан жаман нәрсе жазбағанын айта келіп, достас елдермен арасындағы қарым-қатынасты ешкімнің ешқашан бұза алмайтынын, Ресей одақтас мемлекеттермен ынтымақтастығын әрі қарай нығайтып, байланысын дамыта беретінін атап өтті.