Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазақстан – қолдан жасалған жалған мемлекет": Медведевтің «жазбасы» жарияланды

Блогер Илья Варламов Facebook-те Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан мен Грузияға қатысты «жазбасы» жарияланғанын хабарлады, деп жазады Paryz. kz Halyq.Uni-kz-ке сілтеме жасап. 

"Қазақстан – қолдан жасалған жалған мемлекет": Медведевтің «жазбасы» жарияланды
фото: delfi.lt

«Жазбада» Медведев Ресей Украинаны «ұлтшылдардан» «азат» еткен соң, Грузияны толығымен Федерацияның құрамына қосып алатынын, Кавказ елі тәуелсіз мемлекет болып Ресей империясының бұрынғы аумағында құрылғанын айтып, Қазақстанның да территориялық тұтастығына күмән келтіретінін, елімізідң солтүстік облыстары «бұрыннан» бері «орыстың» жері болғанын ескертті, –  деді Варламов Facebook-те.

Одан әрі блогер экс-президенттің Қазақстанның солтүстік өңіріне қатысты айтқан мынадай мәліметін келтіреді.

Қазақстанның солтүстігінде Кеңес одағы ыдырағанға дейін орыстар 62,5 пайыз болған. Қазақстан – қолдан жасалған жалған мемлекет. Гурьев, Семипалатинск қалалары - орыстың жерлері. Алма-Атаның өзі 1924 жылға дейін Верный қаласы болып аталып келген. Қазір республика басшылығының оңтүстік облыстардың тұрғындарын солтүстік өңірге көшіріп жатқанын орыс халқына жасалып отырған геноцид деп білеміз. Біз бұған көз жұма қарамаймыз. Қазақстанға орыстар бармайынша тәртіп болмайды, –  деп жазған деді ол.

Оның айтуынша, Медведев «жазбасын» жарияланған бетте тез өшіріп үлгерген. Ал Telegram-да ол бұл туралы ештеңе жазбаған.

Қазір әлеуметтік желіде Медведевтің осы «жазбасы» қызу талқыланып жатыр. «Жазбаға» қатысты Ресейдің қоғам белсенділері де пікір білдіріп үлгерді. Мысалы, pravda.ru порталы журналист, блогер Ксения Собчак пікірін беріпті. Онда ол Медведевтің парақшасын біреулер бұзып, арандату материалын әдейі жарияланған айтты.

Біреулер Дмитрий Медведевтің парақшасын бұзған шығар. Посттың өзіне күмәнім бар. Ол  10 минут тұрып, өшіріліп қалған екен. Менің ойымша, Медведевтің Қазақстанның солтүстігі туралы арам ойы жоқ. Ол Тоқаевпен жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан мен бұған сенбеймін, –  деді ол.

Медведевтің «посты» расында ВКонтакте желісінде жоқ. Басқа әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланбаған. Дегенмен жазбаны экс-президенттің атынан кім жарияласа да ол Медведевтің бұған дейін жазған материалдарымен үндес келтінін айту керек. Орыстардың өздері айтпақшы, алма ағашынан алыс түспейді. Орысшасы –  «яблоко от яблони недалеко падает».