Иесі қардан тазалап жатқан көліктің үстіне бетон плита құлады (ВИДЕО)

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Иесі қардан тазалап жатқан көліктің үстіне бетон плита құлады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ресейдің Владивосток қаласында 9 қабатты үйдің шатыры көліктің үстіне құлады. Дәл осы кезде иесі көлікті тазалап жатқан, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Ер адам көпқабатты тұрғын үй маңына қойылған автокөлігін қардан тазалап жатқан кезде көліктің үстіне бетон плита құлады. Абырой болғанда, көлік иесі қашып үлгерді. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.