Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Ырыққа көнбейтін инфляция: Тоқаев Пірматовқа тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп жазады Рaryz.kz  ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Ырыққа көнбейтін инфляция: Тоқаев Пірматовқа тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.

Ұлттық банк төрағасы Президентке инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.