Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Праймериз: Мәжілістің қазіргі депутаттары жаңа үміткерлерге "шаң қаптырып кетіпті"

Олар өздерінің заңнамалық жұмысының тәжірибесін, халықтың өмір сүру жағдайы мен отандық экономика салаларының өзекті мәселелерін "терең білетіндерін" көрсеткен.

Праймериз: Мәжілістің қазіргі депутаттары жаңа үміткерлерге "шаң қаптырып кетіпті"
фото: дереккөз

Мәжіліс депутаттары – "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова, Құдайберген Ержан, Балайым Кесебаева, Берік Оспанов және Артур Платонов праймериз шеңберінде аймақтардағы партия конференцияларда пікірталастарға қатысып, ең көп дауыс жинады, деп хабарлады paryz.kz, Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Артур Платонов Алматыдағы әлеуметтік мәселелерді шешу және экологияны жақсарту жөніндегі идеясын ұсынса, Берік Оспанов Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және отандық кәсіпкерлерді қолдау мәселесін көтерген.

Гүлнар Бижанова мен Балайым Кесебаева Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде Қарағанды және Қызылорда облыстарында сөз сөйлеп, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешу үшін заңнаманы жетілдіру тақырыбын қозғапты.

Сонымен қатар, Құдайберген Ержан Түркістан облысында елдің қауіпсіздігін жақсарту үшін тиімді диалог құрып, саналы шешім қабылдау қажеттілігіне назар аударған.

Пікірталас барысында Мәжілістің қазіргі депутаттары өздерінің заңнамалық жұмысының тәжірибесін, халықтың өмір сүру жағдайы мен отандық экономика салаларының өзекті мәселелерін "терең білетіндерін" көрсетіп, қандай да бір саладағы жағдайды жақсарту және жалпы өңірлерді дамытуға арналған ұсыныс айтқан.

"Сондай-ақ, олар маңызды тақырыптар бойынша сындарлы байланыс құра білетіндігін көрсетті. Пікірсайыс қорытындысы бойынша Мәжілістің қазіргі депутаттары ең көп дауыс жинап, өз өңірлерінен партиялық тізімге енді", - деп жазған баспасөз қызметі.