Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Келесі жылы елімізде қағаз анықтамалар түгел жойылатын болды

"Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет", - деді Асқар Мамин.

Келесі жылы елімізде қағаз анықтамалар түгел жойылатын болды
фото: qazaqstan.tv

Үкімет басшысы Асқар Мамин 2021 жылы қағаз анықтамаларға қажеттілік толығымен жойылуы керек екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Ол алдымен елде смартфон қолданушылар саны өскенін, сол себепті мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отырғанын атап өтті.

"Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті eGov mobile-ға ауыстыру бойынша жоспар бекітуді тапсырамын. Жалпы, 2021 жылы қағаз анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру және жаңартуды тапсырды.

"Әкімдер мен мүдделі мемлекеттік органдар әлеуметтік сипаттағы қызметтер бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға назар аударсын. Сервис пен кері байланыс деңгейін арттыру қажет. Халық қажетті мемлекеттік қызметті кезексіз, артық ешқайда бармай алуы керек. Мысалы, қазір үйлер пайдалануға көптеп тапсырылып жатыр, әртүрлі тұрғын үй бағдарламасы бар. Ипотека алу және кепілге қою механизмін барынша жеңілдету керек", - деді Асқар Мамин.