Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Өскемен әкімдігі қала атауын бадырайтып қате жазып қойыпты

Көзге бірден көрінетін сауатсыз жазудың тұрғанына екі аптаға жуық уақыт өтсе де өңір билігі үнсіз.

Өскемен әкімдігі қала атауын бадырайтып қате жазып қойыпты
фото: видеодан скриншот

Өскемен емес, енді Өкемен. Шығыс Қазақстан облысының билігі шаһар атын қазақшалаймыз деп әбден ұятқа қалды, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Өйткені шаһардан шыға берістегі тас жолға үлкен әріптермен "Өскемен" деген жазуы бар тұғыр орнатқан. Алайда, оны жазғандар "с" әрпін тасада қалдырып, "Өкемен" деген қате күйінде қойыпты.

Көзге бірден көрінетін сауатсыз жазудың тұрғанына екі аптаға жуық уақыт өтсе де өңір билігі үнсіз. Тіпті, мұны кімнің жазғаны да, тапсырыс беруші де белгісіз. Бар болғаны 7 әріптен тұратын қала атауын қатесіз жаза алмаған атқамінерлер біріне-бірі сілтеп, қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр.