Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қостанайлық борышкер 700 мың теңге алиментті көшеде төлеп құтылды

Қарыз 2018 жылдың қараша айынан бастап жиналып, 1 084 мың теңге болған.

Қостанайлық борышкер 700 мың теңге алиментті көшеде төлеп құтылды
фото: дереккөз

Қостанай қаласының тұрғыны бұрынғы зайыбына алимент ретінде 700 мың теңгеден астам қарыз болған, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ЖСО өңірлік палатасының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"Бүгін рейд жүргізу кезінде борышкердің тыйым салынған мүлкі тәркіленді. Алайда, "Газель" маркалы көлігінен айырылып қалмау үшін борышкер өз қарызын жол бойында бірден төледі. Қарыз 2018 жылдың қараша айынан бастап жиналып, 1 084 мың теңге болған. Борыштың бір бөлігі бұрын төленген, қалған 777 303 теңге бүгін борышкерден алынады", – дейді Қостанай облысы бойынша ЖСО өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.