БҚО колониясында жазаларын өтеуші екі жұп отбасын құрды

БҚО-да колонияда жазасын өтеп жатқан екі бірдей жұп отбасын құрды, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне жасап. 

БҚО колониясында жазаларын өтеуші екі жұп отбасын құрды
ашық дерек көздерінен

Отбасын құру – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бірін бірі сүйген екі жүректің қосылуына ештеңе кедергі бола алмайды. Оған дәлел тергеу изоляторы қабырғасында өткен неке қию салтанаты. 

Екі бірдей жас жұп отау құрды. Олар – сотталушы Н. мен оның жұбайы К., сондай-ақ тергеу кезінде тұтқынға алынған М. мен оның жұбайы Г. 

"Бостандықта жүргенде ресми некеге тұрудың маңыздылығы жайлы ойланбаушы едім, ал мұнда жатып өмірдегі ең маңыздысы отбасы екенін түсіндім", – дейді сотталушы Н. 

"Мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз. Олардың тарапынан осыншалықты көмек пен қолдау болады деп күтпедім. Барлығын жедел түрде ұйымдастырған заңгер мен тәрбиешілер болмаса, барлық құжаттарды тез арада рәсімдей алмас едік деп ойлаймын. Мекеме басшысы мен қызметкерлерге үлкен алғыс білдіремін", – дейді азаматша К.