Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Үйде отырсақ, не өзгереді?": елімізде Парламент сайлауын бақылайтын ұйым құрылды

Бақылаушылар сайлау бөлімшелерінде болатын заң бұзу деректерін фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялайды.

"Үйде отырсақ, не өзгереді?": елімізде Парламент сайлауын бақылайтын ұйым құрылды
фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде "Таза сайлау" атты тәуелсіз бақылаушылар ұйымы құрылды. Бастамашыл топ белсенді азаматтарды алдағы саяси науқанда бақылаушы болып, әр сайлауышының дауысы үшін күресуге шақырып отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қоғам белсенділері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер құрған топқа Қазақстанның кез келген адамы мүше бола алады. Олар 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламент сайлауының ашық әрі әділ өтуіне мейлінше атсалыспақ.

Нақтырақ айтсақ, "Таза сайлау" тәуелсіз бақылаушылары сайлау бөлімшелерінде болатын заң бұзу деректерін фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялайды. Дауыс беру және санау барысында қитұрқы әрекеттерге жол бергізбей, құқық қорғау органдарын хабардар ету де бақылаушылардың басты міндеті.

"Парламентке халық таңдаған партия бару керек. Біраз партия тіркелмей, өтпей қалды. Дегенмен, халық немқұрайлы болмауы керек. Үйде отырсақ, ешкім сайлауға бармаса, не өзгереді? Сондықтан біз белсенділер бар халықты сайлауға шақырып, сол сайлаудың әділ өтуіне мұрындық болуымыз керек", - дейді журналист Ерқанат Көпжасар.