Қаңтар оқиғасы: 25 адамды қызған үтікпен жәбірлеген

Алматы облысында құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандарды қызған үтікпен азаптағандеп хабарлайды Paryz.kz "Хабар 24" сілтеме жасап.

 

Жалпы 25 адам аяусыз азап көрген. Тергеу нәтижесінде 5 полиция қызметкері анықталып, үшеуі кінәсін мойындаған. Ұсталғандарды ұрып-соғып, өлтіру ісіне қатысты да тергеу аяқталды. Оған Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкері күдікті деп танылды. Арнайы прокурорлар қаңтар оқиғасы бойынша осындай 8 шулы істі тергеп жатыр. Бұған 15 құқық қорғаушы және арнайы орган қызметкерлері күдікке ілінген. Қазір 9-ы қамауда отыр.

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы жалпы 392 қылмыстық іс сотқа жолданғанын айтады. 433 адам түрлі жазалау бойынша сотталған. Прокуратура қадағалауында 5 мыңнан астам іс сотқа дейінгі тергеп тексеру кезеңінде тұр. Өңірде осы қылмыстардың ұйымдастырушысы ретінде 27 адам анықталды. 284 адамға үйқамаққа алынды.

Серік Шалабаев, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы:

 Күдіктілерге қандай да бір қысым қолдануды болдырмау үшін прокурорлар күн сайын тергеу излояторлары мен басқа да қызметтік ғимараттарды тексереді. Қазіргі уақытта соттың санкциясымен қаңтар оқиғаларына қатысты 514 күдікті қамауда. Қамауға алынған әрбір адам бойынша олардың ауыр қылмыстарға қатыстылығы және белсенді қатысуы туралы жеткілікті мәліметтер бар.