Қазақстанда мемлекеттік қаржыны басқару концепциясы қабылданады

Елде 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқару концепциясы қабылданады, деп хабарлайды Paryz.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

 

Қазақстанда мемлекеттік қаржыны басқару концепциясы қабылданады
ашық дерек көздерінен

  Былтырғы қорытынды бойынша мемлекеттік қарыз деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27 проценттен асқан. Бұл қауіпсіз деңгей. Мұны Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Алқалы жиыннан Қорған Қонысбайұлы тікелей байланысқа шықты.