Тоқаев президенттік мерзімі аяқталғанға дейін орден алудан бас тартты

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімі аяқталғанға дейін шетелдік не отандық ордендер мен наградаларды қабылдамайды"- деп жазды Paryz.kz Nur.kz сілтеме жасап.

Тоқаев президенттік мерзімі аяқталғанға дейін орден алудан бас тартты
ашық дерек көздерінен

Бүгін бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан басылымына мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады. Бұған дейін саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram каналында кеше ресейлік тарап Қасым-Жомарт Тоқаевты "Александр Невский" орденімен марапаттауды ұсынғанын жазды. "Мемлекет басшысы көрсетілген құрметке алғыс білдірді. Алайда ол президенттік өкілеттігі тоқтатылғанша не отандық, не шетелдік наградаларды қабылдамау туралы шешім шығарған. Сол себепті де жақында Бішкекке жасаған сапарында президент қырғыздың жоғары наградасы - бірінші дәрежелі "Манас" орденінен бас тартты", - деп жазды Еділов. Еске сала кетсек, 17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысқан болатын.