Бір партияның төбесі көрінді

Намысты азаматтардың съезге жиналғанын PARANOIA.kz  жариялады деп хабарлайды Paryz.kz  

Бір партияның төбесі көрінді
ашық дерек көздерінен

  Бүгін Санжар Боқаев “Намыс” партиясының алғашқы сьезін өткізді. Алматыдағы “Ритц Паласта” болған сьезге әр аймақтан адамдар жиналды. Партияның төрағасын, бағдарламасын, басқару органын және т.б өкілдерін дауыс беру арқылы сайлады. Қатысушылар бейдж көтеру арқылы өз дауыстарын ашық түрде берді.

 Мысалы мына суретте төраға сайлаған сәт. Партия төрағасы болып Санжар Боқаев сайланды. Айтпақшы, партия бағдарламасын қолдайтынын білдіріп, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов сөз сөйлеген екен.