Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жау жеңіліп, сен жеңіп...": Жүнісова Нұрқаділовтің 15 жыл бұрынғы хатын жариялады

Саясаткер дәл осы хат жазылғаннан 3 айдан кейін, яғни қараша айында қаза тапқан.

"Жау жеңіліп, сен жеңіп...": Жүнісова Нұрқаділовтің 15 жыл бұрынғы хатын жариялады
фото: juldyz.kz

Әнші Мақпал Жүнісова instagram-дағы парақшасына марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылғы 26 тамызда жазған хатын жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Саясаткер дәл осы хат жазылғаннан 3 айдан кейін, яғни қараша айында қаза тапқан. Хатта ол жары Мақпал Жүнісоваға деген сезімін өлең арқылы жеткізген.

"Байқамаппын салмағын,

Өмір зілін, жалғанын.

Махаббат бар деп өзіңмен,

От боп лаулап жанғанмын.

Жаным енді төзерсің

Тағдыр басқа салғанын.

Жақсы басар жаманды,

Алла айтар талғамын.

Жаратқан ием қолдаса,

Күшейтер саған қорғанын.

Жау жеңіліп, сен жеңіп,

Үзерсің шынжыр торларын.

Әсем ән әлі құлпыртар

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен

Ғұмырымның қалғанын.

Өнерді мәңгі алғасын,

Алла берсін жалғасын.

Әумин!", -

деп толғапты ақын жүректі әкім.