"Орыс тілін білу керек": Тоғжанов мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты айтты

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастап, мемлекеттік тілді ғана қалдыру туралы талапқа пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Орыс тілін білу керек": Тоғжанов мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты айтты

Тоғжановтың сөзінше, кей қазақстандықтар осындай талаптарды айтқанымен, әзірге мұның еш қажеті жоқ.

"Мемлекеттік мәртебесі бұрын белгіленген. Бұл саяси сұрақ емес, туған тілді тереңінен зерттеу сұрағы. Мен елдегі барлық азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі керек екеніне сенімдімін. Азаматтар 7 мың шақырым ортақ шекарасы бар тарихи көршімізді, орыс тілін білу керек. Ел халқы келешекте ағылшын тілін де меңгеруі қажет. Сондықтан мектептердегі бірнеше тілді оқыту дұрыс бағыт деп есептеймін", - дейді ол сенат кулуарында. 

Вице-премьер тілдерді білу арқылы адамдар байып, білімі толыға түсетінін атап өтті. 

"Бұл сұрақты саясиландырмауды сұраймын", - деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.