Тоқаев: "Бизнес заманауи болса, қолдауымыз керек"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Президент елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап.

Тоқаев: "Бизнес заманауи болса, қолдауымыз керек"
Сурет: ашық дереккөз

Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы тиіс. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдауымыз керек. Сондықтан ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесуіміз қажет,

— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорданың баспасөз қызметі кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайтынын хабарлады.