"Үлкен аштық келе жатыр" - Саясат Нұрбек

Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек Қазақстанда 30 жылда қалыптасқан суперпрезиденттік модель тепе-теңдікті бұзып жіберді деп есептейді. Оның ойынша, қазір елде монополия қаптан кеткен деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Үлкен аштық келе жатыр" - Саясат Нұрбек

Елдегі саяси өзгерістер, «Жаңа Қазақстанды» құрудағы алғышарттар, Жолдауда айтылған реформалар, алдағы уақытта жайлы ол «Адырна» порталының тілшісі Арман Әбубәкірге берген сұхббатында айтты. Сонымен қатар, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың өзге елдерге қалай әсер ететініне болжам жасады.

«Келесі 5 жылдықта ең маңызды салаға айналуы мүмкін, ол – ауыл шаруашылығы саласы. Мал дәрігерлері, генетиктер, селекционерлер, агрономдар жетіспейді. Қазір білесіздер, үлкен аштық келе жатыр, өкінішке орай. Келесі 1-2 жылда дүниежүзінде үлкен қиын жағдай болу мүмкін. Неге десеңіз, Ресей мен Украина дүниежүзіні 30 пайызын май, бидай, ұнмен қамтамасыз ететін екі мемлекет соғысып жатыр. Сондықтан биыл дұрыс егін болмайды. Әсіресе, Украинада. Бұл өте үлкен қауіп-қатерлер алып келуі мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында бізде мамандар тапшылығы байқалады», – Саясат Нұрбек.