Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Танымал дәрігерлер экс-министрді қолдап, ашық хат жазып жатыр

Олар жақында ғана пневмониямен ауырып шыққан адамның тергеу кезінде үйде болғаны дұрыс деп есептейді.

Танымал дәрігерлер экс-министрді қолдап, ашық хат жазып жатыр
Фото: ketketket.kz

Дәрігерлер бес баланың әкесі, пневмониямен ауырып шыққан адамның тергеу кезінде үйде болғаны дұрыс деп есептейді.

Ақшолақов, Байгенжин, Құлжанов, Локшин, Шарман және басқа да танымал дәрігерлер  Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Біртановқа қолдау білдіріп, ашық хатқа қол қойды, деп хабарлады Today.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған ашық хатта Елжан Біртановтың  еңбек жолын санитардан бастап, токсиколог дәрігер, бөлім меңгерушісі, ғылыми орталықтың, медициналық холдингтің басшысы, министр қызметін атқарғаны, пациенттер мен әріптестеріне әрдайым ашық-жарқын қарайтыны және денсаулық сақтау саласында ең тиімді қызмет еткен министрлердің бірі екені айтылған. 

"Әлемнің үздік университеттері мен клиникаларында тамаша дайындықтан өткені, ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгергені, практикалық тәжірибесінің молдығыарқасында Елжан Біртанов әлемнің  бірқатар еліндегі әріптестерінің құрметіне бөленді, Сондай-ақ олеліміздің медицина саласына шетелдің үздік тәжірибелерін енгізумен қатар, білікті мамандарды тартты. Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрлігіне келуінеліміздің көптеген дәрігері зор ықыласпен және ізгі ниетпен қабылдады", - деп атап өтті дәрігерлер.

Олар дәрігерлер отбасынан шыққан азамат, білікті басшының сыбайлас жеморлыққа қатысы бар дегенге сенбейді. 

"Денсаулық сақтау саласының пандемияға дайын болмауы, өкінішке орай, барлық Еуропа елдері мен АҚШ -та да орын алды. Пандемия әлем үшін күтпеген жағдай болды. Елжан Біртанов өзі осы аурумен ауырған, оның ауыртпалығын сезінген адам ретінде осындай қиын уақытта елге және денсаулық сақтау жүйесіне өз пайдасын тигізер еді", - делінген хатта.