Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Депутаттыққа ұсынған кандидаттардың 30%-ы жастар мен әйелдер болуы тиіс" - ОСК

Олардың саны 30%-дан аспаса, қалған 70%-ы тағы да "кемпір-сампыр, шал-шауқан" болмақ па?..

"Депутаттыққа ұсынған кандидаттардың 30%-ы жастар мен әйелдер болуы тиіс" - ОСК
фото: inbusiness.kz

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға қойылатын талаптармен таныстырды. Комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген сайлауға кандидаттарды ұсыну 10 қарашадан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталады. Саяси партиялардың партиялық тізіміне оның мүшелігіне өтпеген адамдарды қосу құқығы жоқ. Сонымен қатар жаңа нормамен таныстырып өтейін, партиялардың Мәжіліс және мәслихат депуттатығына ұсынған кандидаттары тізімінде жасы 29-дан аспаған жастар мен әйелдердің үлесі 30% болуы тиіс. Бұл "Саяси партиялар туралы" заңның 15-бабы, 1-тармағына сәйкес келеді", - деді Константин Петров.

Сондай-ақ ол Мәжіліс депутаттары сайлауына жасы 25-ке жеткен, ал мәслихат депутаттары сайлауына жасы 20-дан асқан адам қатыса алатынын атап өтті. Оның өзінде олардың саны 30%-дан аспаса, қалған 70%-ы тағы да "кемпір-сампыр, шал-шауқан" болмақ па?..