Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазақстанды іс жүзінде Нұрсұлтан Назарбаев басқарады" - Марғұлан Сейсембай

"Иә, кез келген ел эволюциялық жолмен дамуы керек. Қазіргі президентіміз Тоқаев та жұмысқа кірісе салысымен реформалар жасайтынын айтқан. Дегенмен, тағы да тоқтап қалдық", - деді ол.

"Қазақстанды іс жүзінде Нұрсұлтан Назарбаев басқарады" - Марғұлан Сейсембай
фото: дереккөз

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың Украинада жұмыс істеп жатқанын көпшілік біледі. Ол жанындағы Арман Шораев сынды бірқатар азаматтармен бірге Владимир Зеленскиймен кездесіп, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің командасында әрекет етуде. Украинадағы ең беделді журналист Дмитрий Гордон қазақстандық кәсіпкерден сұхбат алған. Сейсембай сұхбат барысында Назарбаев пен Тоқаев туралы тосын пікірлерге барыпты, деп жазды paryz.kzbairaq.kz-ке сілтеме жасап.

"Алғашында оны қатты сыйлайтынмын, таң қалатынмын. 90-жылдардың басында ол шынымен де лидер болды, тіпті, посткеңестік кеңістіктегі ең үздік президент деуге болады. Мен де ол кезде саяси жетілмеген адам едім, бірақ, қазіргі көзқарасымда да уақытында ол туралы ойлаған пікірімнің дұрыстығына көзім жетеді. Ол – өте данышпан адам. Жылдар өте келе эволюция орын алды. Қазір мен ол туралы бұрынғы пікірімді өзгерткен сияқтымын. Ел басқарудың екі түрі бар: халық махаббатына бөлену және қорқыту, үркіту. Екеуі де ел басқарудың құралы.

Мен оны алғашында шынымен жақсы көрдім. Мемлекетке, елге қызмет істейтін тұлға деп бағаладым. Өкінішке қарай, уақыт өте келе оның "қамшысының" ысылы менің оған деген махаббатымнан да жоғары рөл ойнайтынын байқадым. Мен шынымен одан қорқа бастадым.

Ел басқаратын адам өте жұмсақ болып, қол астындағыларды тек "тәттімен" қамтамасыз ете бергені де дұрыс емес. Сәйкесінше, жон арқасынан таспа тіліп отыру да шектен шыққандық деп есептеймін. Осы екеуінің арасындағы балансты сақтау керек.

Қазақстанда Назарбаев туралы шынайы пікір айту мүмкін емес. Өйткені, біздің еліміздегі оған деген көзқарас өте негативті деңгейде. Расын айту керек, менің оған қатты өкпем де жоқ.

Иә, кез келген ел эволюциялық жолмен дамуы керек. Қазіргі президентіміз Тоқаев та жұмысқа кірісе салысымен реформалар жасайтынын айтқан. Дегенмен, тағы да тоқтап қалдық", - деді ол.

Гордонның "Қазақстанды шындығында кім басқарып отыр?" деген сұрағына Марғұлан Сейсембай былай жауап берді: "Ресми түрде Қасым-Жомарт Тоқаев, ал іс жүзінде Нұрсұлтан Назарбаев басқарады".

Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы сұраққа белгілі қазақстандық кәсіпкер оң пікір білдірді.

"Тоқаев – өте қызықты әрі интеллигент адам. Әрине, әлемдік ұйымда басшылық еткен азаматтың осал емесі анық. Ол – білімді әрі өте тәрбиелі адам", - деп баға берді кәсіпкер.