Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі отандастарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Telegram каналында хабарлады.
Украинадағы қазақстандықтар Қазақстан елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекенжайы бойынша және +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 "жедел желі" нөмірлері арқылы хабарласа алады. "Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады", - дейді министрліктен.
Сонымен қатар, ведомство Сыртқы істер министрлігінде азаматтар хабарласуы үшін "жедел желі" нөмірі (+7 (7172) 72-06-06) іске қосылғанын мәлім етті.