«Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр. Маған хабарласып «Сіз не істеп жүрсіз? Мен сізді вице-премьер болуға дайын деп Президентпен келісіп жүр едім» деді. Бірақ мен достарымның алдындағы уәдемнен бас тарта алмайтынымды айттым».
Бұл пікірімен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында бөліскен. Журналист Абай Сейфулла Байменовтен «Оппозиция қатарында біраз жүргеніңізбен Назарбаев жүйесіне қалтқысыз, адал қызмет еткендердің бірі сіз. Осы күнге дейін, кімге сенім артқаныңыз үшін, қай шешімдеріңіз үшін өкінер едіңіз?» деп сұраған еді.
Мен Назарбаев режиміне қалтқысыз қызмет еткендердің ішіне жатпаймын деп ойлаймын. Себебі мен екі рет өз еркіммен биік лауазымнан кеттім. 2001 жылы марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы «маған қауіп төніп тұр» деген кезде бардым. Сол кезде мені Әблзяовпен және басқа азаматтармен өзі басқаратын типографияда кездестірді. Сонда оларға қосылатынымды мәлімдедім. Екінші рет 2014 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен кеткенмін. 2003 жылы да Еңбек министрлігін басқарудан бас тарттым, - деп жауап берген Байменов.
Алихан Байменовке 2001 жылы күзде Тоқаев та қызмет ұсынған екен.
Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр. Маған хабарласып «Сіз не істеп жүрсіз? Мен сізді вице-премьер болуға дайын деп Президентпен келісіп жүр едім» деді. Бірақ мен достарымның алдындағы уәдемнен бас тарта алмайтынымды айттым, - дейді қоғам қайраткері.
Сұхбат барысында Байменов Назарбаевқа қатысты бірнеше рет сыни пікір білдірген.
1995 жылдан бастап тежегіш күштер болмай Назарбаев пенделікке бой алдыра бастады. Дегенмен бастапқы кезеңдегі еңбегін ешкім жоққа шығара алмас. Ал пенделік қызықтарының алдында өзін өзі тежей алмауы бұрынғы еңбектерінің біразын шайып кетті...Мемлекет байлығын ұрлағандарды біле тұра көз жұма қарады... Жасаған кемшілік-қателіктері болса сол үшін Алладан кешірім сұрап, қарапайым адам ретіндегі өмірін сүре берсін ,- деген пікірлер айтты саясаткер.