Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Айдос Сарым Дариға Назарбаева туралы: "Ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс"

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзінің әріптесі, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның орнын босатып, отставкаға кетуін талап етті, деп хабрлайды Paryz.kz, Abai.kz-ке сілтеме жасап. 

Айдос Сарым Дариға Назарбаева туралы: "Ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс"
Сурет: Newtimes.kz

«Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ең алдымен осы елдің азаматы ретінде ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс. Назарбаева «Жаңа Қазақстан» тобының құрамына кірген жоқ.

Қазақстанда қалыптасқан авторитарлы жүйені Назарбаеваның аты-жөнімен байланыстырады. Күні кешегі оқиғалар да осы жүйеге деген қарсылықтан туындады», – дейді Сарым.

Мәжілісменнің пікірінше экс-президенттің қызы ел алдында сенім вотумын жоғалтқан.

Айта кетелік, Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасы басталғалы бері Мәжіліске келген жоқ. Ресми ақпарат бойынша ол коронавирус жұқтырып, төсек тартып жатыр. Бейресми мәлімет бойынша Назарбаев қаңтар дүрбелеңі басталған тұста Дубайға ұшып кеткен.