Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қазақстандағы қазіргі қоғамдық тәртіп көрінісі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қаңтар оқиғасынан кейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz, Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандағы қазіргі қоғамдық тәртіп көрінісі
Сурет: Turkystan.kz

Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-эконмикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап сіз Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды», - деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-жоспар аясында елдің барлық аймақтарында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілген. Коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мрораторий енгізілді. Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Утилизациялық алымлдар мемлекетке берілді. 100 процент мемлекеттік ұйым «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жауапты оператор болып айқындалды, - деді Үкімет басшысы.