Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда Kaspi бөлімшесін тонағандар ұсталды

Заттай деректер тәркіленіп, тергеу басталды.

Алматыда Kaspi бөлімшесін тонағандар ұсталды
Фото: regnum.ru

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды, деп жазды paryz.kz.

Күдікті С. және У. есімді азаматтарды Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдері ұстады. Ал үшінші күдіктіні дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері қолға түсірген.  Заттай дәйектер – ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы, 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Олар қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда банк бөлімшесіне шабуыл жасалғаны туралы жазған болатынбыз.