Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

ОСК мүшелерін оқытуға 212 миллион теңге бөлінген

2019 жылдан бері сайлау комиссиясының мүшелерін оқытуға қажетті қаржы жергілікті бюджеттен алынып келеді.

ОСК мүшелерін оқытуға 212 миллион теңге бөлінген
фото: zhambylnews.kz

Алдағы саяси науқан қарсаңында елдегі сайлау комиссиясының 70 мың мүшесі қашықтан оқытылады. Сондай-ақ, бейнеконференция арқылы саяси науқанды ұйымдастыру кезеңдері түсіндіріледі, деп хабарлады paryz.kz.

Қазір оқытудың әдістемелік базасы әзірленіп, Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына жүктелген. Бұған дейін өңірлерде 20-дан астам семинар-тренинг өткен. Оған мыңнан астам адам қатысты. 2019 жылдан бері сайлау комиссиясының мүшелерін оқытуға қажетті қаржы жергілікті бюджеттен алынып келеді. Жалпы, биыл еліміздің 17 өңірінде саяси науқанға қатысатын азаматтарды оқытуға 212 миллион теңге бөлінген.

"Оқытуды каскадты әдіс арқылы жоғары тұрған сайлау комиссияларының мүшелері қашықтан оқыту арқылы жүргізеді. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда көшпелі семинарлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ОСК интернет ресурсында қашықтан оқыту жүйесінің мобильдік нұсқасы бар. Яғни, комиссия мүшелері өзідігінен оқып, білімдерін толықтыра алады", - деді ОСК хатшысы Сәбилә Мұстафина.