Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Судья Елжан Біртановтың ісіне қатысты қаулы енгізді

Сот экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін тағы 1 айға ұзартты. Бұл туралы бүгін елордадағы №2 Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала тыңдауы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Судья Елжан Біртановтың ісіне қатысты қаулы енгізді
Сурет: baq.kz

Біртанов пен Әбішевке қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын істі прокурорға тапсырған сәттен бастап тағы бір ай мерзімге ұзартуды қаулы етемін, - деді аудандық соттың судьясы Ибрагим Әлкенов. 


Сондай-ақ судья қорғаушы адвокат Бейсекеевтің Елжан Біртановқа қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты. 


Еске сала кетейік, 2020 жылы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыруы мүмкін деген күдікке ілінген болатын. Сол жылы қараша айында Біртановтың адвокаты экс-шенеуніктің үйқамақта отырғанын айтты. Содан бері Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімі бірнеше рет ұзартылып келеді.