Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан халқы Ассамблеясын тарату қажеттілігі талқылануда

Жуырда «egov.press» сайтында Қазақстан халқы Ассамблеясын таратуды талап еткен петиция жарияланды. Петиция авторы – Рысбаев Габит Нурханович деп көрсетілген. Қазірдің өзінде аталған ептицияға 2,4 мыңға жуық адам дауыс беріпті, деп хабарлайды Paryz.kz, Abai.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясын тарату қажеттілігі талқылануда
Сурет: inform.kz

Пікіршілердің ортақ ойлары: «Ассамблея таратылсын! Еш керегі жоқ ұйым. Жыл сайынғы қаржыны игеру мен атқарған жұмыстары туралы есеп-қисаптарын да жарияламайды. Оларға өз ішінде депутат сайлауға неге артықшылық беріледі? Барлық қазақстандықтар бірдей сайлану құқына ие болуы керек, - дегенге түйіседі.

Ал петицияның өзінде сөзбе-сөз: «Назарбаевтың сайлауда басқа ұлттар арасында көбірек дауыс алуын қамтамасыз ету үшін ғана құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясын тарату мәселесін тағы көтереміз. Енді бұл құрылымның керек емес екендігі айдан анық. Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Ол жердегі басты талап депутаттар Қазақ ұлтынан болмауы тиіс. Біз Қазақстан республикасының азаматтары, Қазақ ұлтының конституциялық құқығын шектейтін, және елімізге ешқандай пайдасы жоқ ұлтаралық араздықты қоздыратын Қазақстан Халықтарының ассамблеясын таратуын талап етеміз, - деп жазылған.

Айта кетейік, 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды.

ҚХА-ның ресми сайтындағы мәліметте: «Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты елдегі барлық этностардың мүддесіне қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады», - деп жазылған екен.