Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Нұр-Сұлтанда "Сергектегі" мәліметтер базадан шығарылып отырған

Аталған фактілер бойынша қалалық Полиция департаменті жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтанда "Сергектегі" мәліметтер базадан шығарылып отырған
Фото: m.123ru.net

Нұр-Сұлтандағы құқық бұзушылықтар "Сергек" камераларының деректер базасынан шығарылған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz .

"Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Олар "Сергек" камералары тіркеген әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне бұрмаланған деректерді жүйелі түрде енгізу арқылы құқықбұзушыларды жауапкершіліктен босатып отырған. "Сергек" базасынан көптеген құқықбұзушылықтар есептен шығарылды", - деді Astana - аdaldyq аlany брифингінде Шыңғыс Қабдолла.