Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Атырауда заң бұзған шетелдіктерден 5 млн теңге айыппұл өндірілді

Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркеліп, 43 шетелдік тарапынан қылмыс жасалғаны анықталды. Оның көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары тарапынан болған.

Атырауда заң бұзған шетелдіктерден 5 млн теңге айыппұл өндірілді
Фото: matritca.kz

Атырауда шетелдіктерден 5 млн теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлады paryz.kz.

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 2 мыңға жуық шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

"Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184-і елден шығарылды. Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркеліп, 43 шетелдік тарапынан қылмыс жасалғаны анықталды. Оның көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары тарапынан болған", - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Атырау облысына қоныс аударған шетелдіктер саны өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға азайған. Жалпы, түрлі әкімшілік құқық бұзған шетелдіктерден 5 млн теңге өндірілген. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке қазақстандық 10 жұмыс беруші тартылған.

Атыраулық полицейлер шетелдіктерге патенттер беру, яғни, жеке тұлғаларға жұмыс істеуге рұқсат беру арқылы заңдастыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде. Жыл басынан полиция қызметкерлері тек Атырау қаласында 50 мың шетелдікке жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған патенттер рәсімдеген. Олардың басым бөлігі – Өзбекстан елінің азаматтары.