Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Нұр-Сұлтандағы ауыл маңына КВИ-науқастардың қаны бар 2-3 тонна түтік төгілген

16 қазанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың медициналық қалдықтарын жою мәселесінде кемшіліктің барын мойындаған болатын.

Нұр-Сұлтандағы ауыл маңына КВИ-науқастардың қаны бар 2-3 тонна түтік төгілген
фото: inform.kz

Нұр-Сұлтанда коронавирусты инфекцияны (КВИ) жұқтырған науқастардың қаны бар түтіктердің тасталуына қатысты кінәлілер аталды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтандағы Ключи ауылы жағындағы 2-3 тонна көлемінде медициналық қалдықтарға (қаны бар түтіктер, шприцтер) қатысты айтар болсақ, тексеру барысында "Қазқайтаөңдеу" ЖШС кінәлі тұлға ретінде анықталды. Оған қатысты әкімшілік сипатта ӘҚБтК-нің 344 ("Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу"), 351 ("Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу") баптары бойынша шара қолданылды", - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Серікқали Брекешев, Мәжіліс депутаттарының сұрағына берген жауабында.

Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова тұрғын үйлер маңындағы контейнерлерге коронавируспен ауырғандардың қандары бар түтікшелер мен басқа да медициналық қалдықтардың тасталып жатқанын айтты. Оның пікірінше, оған медициналық қалдықтарды жою саласындағы бағалық келісім себеп болуы мүмкін. Ал 16 қазанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың медициналық қалдықтарын жою мәселесінде кемшіліктің барын мойындаған болатын.